Table of Contents Table of Contents
Previous Page  104 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 336 Next Page

104

менің прінсібімнің пәрменін көрсін дедім. Екіншіден, сен

сырға беріксің, сөз таратпайсың. Не қылсаң, о қыл, мен өзім

әрекетіңе қалаған түсініктемемді беріп отырсам болды, бұлар

бас шұлғудан жазбайды. Қасымда дөй досым бар екенін

көргесін, олар маған бұрынғыдан бетер жалпылдайтынын

есептегем, әрине. «Ана машина сенің ағаңдікі» дедім, есіңде

болсын. «Ол кім?» деп сұрай қалса, жұмбақтай саларсың.

Сенің менен де мықты екеніңе бұлардың күмәны жоқ қазір.

Сондықтан қадіріңді кетірмей, не айтса да: «Көрерміз» деп

керги берсеңші. Сөйтіп қатырайық бұларды, һе, һе, һе.

Осы кезде Дәукеңдер кіріп келді. Бұларды Қиқыматша

қатыруға көңілім соқпады. Не істерімді де жөндеп ойластыр­

ған жоқпын, жалғыз-ақ жаңағы сөздері құлағымда ызыңдап,

бедірейіпотырыпалдым.Албұларболса түккөрмегенсіп, баяғы

қалыптарынан жазар емес. Қиқымат та өзгермеген. Жалғыз-ақ

қатпа қара соған көбірек иіліп, қызмет қыла бастапты.

Тағы да тостар көтерілді. Енді бірінші болып Қақаң алынды

ауызға. Өзі қызбабас адам, арақ ішкен соң белгілі ғой, танауым

желпілдеп, қағынуға айналдым. Лепіріп отырғандардың

көңілін су сепкендей басып:

– Көлгірсімей, шын сыйлайтындар үшін алайық, – деп,

түйеден түскендей койып қалдым. Дымын білдірмей, бәрі де

дуылдағансыды, бірақ қолдары дірілдеп кетті.

– «Семіз өгізден арық бұқа артық», – дедім тағы да, жар­

ты пиязды аузыма бір-ақ тығып. Мен қаршылдатып пияз

шайнағанда үшеуі бір-біріне қарады. Жалпақ сары қыза

­

раңдады, Дәукең қуарды, қатпа қара қанын ішіне тартып

алды. Пиязды асықпай шайнап, толғап жұттым да, қолымды

сүртіп, айқасқа біржола шықтым.

– Осы біз келгелі бір отар қойды тауыстық білем. Бұл ауыл

осынша шабылып, бізді неге сыйлап отыр, немен сыйлап отыр

деген ой қылаңдап, маза бермейді.

Ауыл иелері жаман састы. Дәукең күлген болды.

– Несін айтасыз, батырекесі. Шүкір, қазір елдің тұрмысы

жақсы ғой. Сыйлы қонақтан аянбайды ешкім.

– Оған дау бар ма? Бірақ осы жолы көңілде бір күмән болып

тұр. Бізмынажерде ақмайдыжейалмай, ағыл-тегілотырғанда,

даладағы бір қойшы келістіріп боқтап жатпасын!